Жұрттың зәресін алған алып кесіртке расымен Жетісайдан табылған ба? - әкімдік жауап берді

Жұрттың зәресін алған алып кесіртке расымен Жетісайдан табылған ба? - әкімдік жауап берді

Жұрттың зәресін алған алып кесіртке расымен Жетісайдан табылған ба? - әкімдік жауап берді
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желілерде тараған алып кесірткенің суреті жұрттың зәресін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ел арасында тараған ақпаратқа сүйенсек, кесіртке Түркістан облысының аумағында табылған. Tengrinews.kz редакциясы жағдайды анықтау үшін Түркістан облысы әкімдігіне хабарласқан екен. Әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Жетісай әкімдігі бұл оқиғадан бейхабар. Олар бұл жағдай Жетісайда тіркелуі мүмкін емес екенін айтты. Бұл - қате ақпарат. Сонымен қатар, суреттегі аймақ Жетісайға ұқсамайды. Кейбіреулер суреттегі жағдай Мексикада болған деп болжайды. Бұрын интернетте осыған ұқсас өлген кесірткенің суреті жарияланды", - деді өңір әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.