Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың денесі табылды

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың денесі табылды

Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол 19 қыркүйек күні сағат 11.00-де үйден шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Полицияға анасы арыз берген. "Соңғы рет қызды Бараев көшесіндегі көпірден көрген. Іздеуге сүңгуірлер тобын тарту туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді құқық қорғау органдары. 22 қыркүйек күні сағат 11.20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел-құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапты. "Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп толықтырды полиция.