"Қазақмыс" ғимаратында тұтанған өрттің себебі аталды
"Қазақмыс" ғимаратында тұтанған өрттің себебі аталды
Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтандағы "Қазақмыс" корпорациясы ғимаратындағы өрттің себебін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Материалдарды зерттеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу алдын ала себеп болғаны анықталды, - деп хабарлады ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет Комитеті басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ брифингінде.
"Қазақмыс" ғимаратындағы өрт 21 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда болған. Өрт туралы хабарлама 18:33-те келіп түсті. Бірден орынға жеке құрамнан 44 адам және 11 бірлік техника шықты. Өрт 19:10-да ауыздықталып, 19:22-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.