Мемлекет басшысы «Айқын» газетінде көтерілген мәселені тексеруді тапсырды
Мемлекет басшысы «Айқын» газетінде көтерілген мәселені тексеруді тапсырды
Мемлекет басшысы «Айқын» газетінде көтерілген мәселені тексеруді тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Айқын» газетінің бүгінгі нөміріне «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарияланған еді. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді», – деп жазды Берік Уәли.