Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық таныстырылды
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық таныстырылды
Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық сала бойынша қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық аударма бюросы» атқарған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған 100 оқулықтың әрқайсысы 10 мың данамен басып шығарылды. Қазақ тіліне аударылған кітаптар барлық оқу орындарына, соның ішінде жеке меншік университеттерге де таратылды.