Азия чемпионаты: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапониямен кездеседі

Азия чемпионаты: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапониямен кездеседі

Азия чемпионаты: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапониямен кездеседі
ашық дереккөзі
Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі, - деп жазды Оlympic.kz. Еске салсақ, қазақстандық қыздар А тобында сынға түсті. Алдымен Сингапурден 33:18, Гонконгті 31:29, Өзбекстанды 31:28 есебімен жеңсе, Оңтүстік Кореяға 20:40 есебімен жол берді. Осылайша өзінің тобында екінші орын алды. Ал В тобында Жапония бірінші орын алса, Иран екінші орынға тұрақтады. Енді жартылай финалда 23 қыркүйекте Жапония мен Қазақстан, Иран мен Оңтүстік Корея шеберлік байқасады. Жеңімпаз құрамалар 25 қыркүйекте финалда кездессе шықса, жеңілгені сол күні 3-орын үшін тартысқа түседі. Айта кетсек, құрлықтық дода 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін Оңтүстік Корея 14 мәрте чемпион атанды. Ал Қазақстан құрамасы 2002 және 2010 жылдары екі мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді. Ал Жапония бір мәрте алтыннан алқа тақты.