QaraFest: Қазақстанда деректі фильмдердің фестивалі өтеді
QaraFest: Қазақстанда деректі фильмдердің фестивалі өтеді
23-28 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында (Достық даңғылы, 104) QaraFest фестивалінің фильмдері көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль – qarafilmfest.kz алаңында 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді.
Ескерту: Әр көрсетілімге 100 көрерменнен ғана кіре алады, ал билеттерді Ticketon-нан, я болмаса, көрсетілім болатын күні «Арман» кинотеатрының кассасынан сатып ала аласыз.
[caption id="attachment_155548" align="alignnone" width="3500"] "Өзіміздің жігіттер" фильмінен кадр[/caption]
QaraFest - авторлық деректі фильмдер фестивалі. Көзбен көруге, көңілге түюге, зерттеуге, таным көкжиегінде зерделеп, тың болмысты тануға мүмкіндік беретін фестиваль. 2020 жылғы қиын кезеңде туып, әлемдік шектеулерге қарамастан, былтыр 2200-ден астам көрерменге Қазақстанның 8 үздік деректі туындысын ұсынды.
[caption id="attachment_155552" align="alignnone" width="3500"]