«Канело» баспасөз мәслихатында Плантпен төбелесіп қалды

«Канело» баспасөз мәслихатында Плантпен төбелесіп қалды

«Канело» баспасөз мәслихатында Плантпен төбелесіп қалды
ашық дереккөзі
Бүгін Лас-Вегаста 6 қарашада өтетін мексикандық Сауль «Канело» Альварес пен АҚШ өкілі Калеб Плант арасында жекпе-жекке арналған баспаөз мәслихаты өтті, – деп жазды Sports.kz. Бір-бірін көзбен атысқан кезде қарсыластар сөзге келіп қалған. «Канело» өзінің оппонентін итеріп жіберді, ал ол өз кезегінде соққыға жүгінді. Боксшылар арасында кішігірім төбелес болды, оларды команда мүшелері айырып алды. Суреттерден Планттың бетіне тыртық түскенін байқауға болады. «Бұл тыртық менің күннен қорғайтын көзілдірігімнен болды. Мен көзілдірік киген едім. Болған нәрсе болды. Бұл бар болғаны беттегі кішкене сызат», - деді өзінің жарақаты туралы Калеб. Еске сала кетейік, «Канело» мен Планттың жекпе-жегі 6 қараша күні Лас-Вегаста 09:15-те басталады. Фото: Amanda Westcott / Showtime