Ауғанстан заң дайындауда: қыздардың мектепке баруына рұқсат беріле ме?

Тәліптер (Талибан қозғалысына Қазақстанда және басқа көптеген елдерде тыйым салынған – еск.) жинаған Ауғанстан үкіметінің құрамы жаңа министрлік лауазымдармен толықты. Сонымен қатар билік министрлердің жаңа орынбасарларын таныстырды, олардың арасында бірде-бір әйел жоқ, – деп жазды ҚазАқпарат euronews сайтына сілтеме жасап.

Ауғанстанда құралған жаңа үкімет құрамында пуштундардан басқа Хазар шиіттері өкілдерінің кіргені туралы мәлімдейді. Жаңа үкімет уақытша деп танылған, алдағы уақытта кейбір ведомстволарды әйелдердің басшылығына беру мүмкіндігі қарастырылмақ. Бұл туралы Талибан қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид мәлімдеді.

Сонымен қатар ол қыз балаларға қайтадан мектепке баруға рұқсат ететін заңның дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ал әйелдер шариғат нормаларын сақтаған жағдайда жұмысқа шыға алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын тәліптер әйелдер ер адамдармен бірге оқымайды деген еді.

Back to top button