Пермь университетінде атыс шығарған студенттің жағдайы белгілі болды

Пермь университетінде атыс шығарған студенттің жағдайы белгілі болды

Пермь университетінде атыс шығарған студенттің жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі
Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырып, ұстау кезінде жараланған студентке тағы бір операция жасалып, сол аяғы кесілді, - деп жазды Life.ru. Жігіт есін жимаған, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.
"Дәрігерлердің пікірінше, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тимур әлі күнге дейін есін жимаған, ол жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған. Науқас көп ауыр жарақат алғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігіне ұшырауы мүмкін”, – деп жазады Baza Telegram арнасы. Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Aтыс салдарынан 8 адам қаза тапты. Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі.