Баласын балтамен ұрып өлтірген қылмыскер соттан өзін атып тастауды өтінді
Баласын балтамен ұрып өлтірген қылмыскер соттан өзін атып тастауды өтінді
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз баласын басынан 11 рет балтамен ұрған қылмыскердің ісін қарады, деп хабарлайды “Тобол Инфо”.
73 жастағы Владислав Греков алдын ала тыңдауда кінәсін мойындап, істі тезірек қарауды өтінген. Айыптау қорытындысына сәйкес, 73 жастағы Владислав Греков 30 жастағы ұлы Василий Скиданенконы басынан 11 рет балтамен ұрған.