Жаңалықтар

Елбасы Сума Чакрабартимен кездесті

ашық дереккөзі

Елбасы Сума Чакрабартимен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті. Кездесуде тараптар пандемия жағдайындағы әлем экономикасының одан әрі даму перспективасына қатысты пікір алысты. Елбасы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.