Пермьдегі атыс: зардап шеккендердің арасында қазақстандық студенттер бар ма?

Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетіндегі атыс кезінде зардап шеккен және қаза тапқан қазақстандық студенттер жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлімдеді.

«Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық окургі бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны шамамен 5 мың адам. Ал Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Университетте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандық студенттер жоқ», – деп атап өтеді ведомстводан.

Кеше Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 8 адам қаза тапты.

 

Back to top button