ШҚО тұрғындары көмір сапасына шағымдануда

ШҚО тұрғындары көмір сапасына шағымдануда

ШҚО тұрғындары көмір сапасына шағымдануда
ашық дереккөзі
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тұрғындар биыл жылыту маусымы қарсаңында сатылып жатқан көмірде басқа қосындылардың көптігіне шағымданса, ендібірі көмірдің тым ұсақтығын айтуда. «Көпір сапасыздығына қатысты өңір тұрғындарының шағымдарына байланысты «Қаражыра» АҚ және теміржол тұйықтарының иелеріне сұраухат жіберілді. Әзірге ресми жауап келгенін күтіп отырмыз. Соған байланысты тиісті шаралар қабылданады», - деп хабарлады ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Айта кетейік, биыл өңірде көмір тоннасының бағасы – 10300 теңге, былтыр 9600 теңге болған.