Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген (Delta «Үнді штаммы» - 57 (59,4%), Alpha «Британдық» - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штаммының айналымы 4 өңірде анықталды. (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1). «Eta» штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.
Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм сезбеу және т.б.) сияқты, - деп жазды Алексей Цой.