Алексей Цой елімізде коронавирустың тағы бір штамы анықталғанын мәлімдеді

Алексей Цой елімізде коронавирустың тағы бір штамы анықталғанын мәлімдеді

Алексей Цой елімізде коронавирустың тағы бір штамы анықталғанын мәлімдеді
ашық дереккөзі

Елімізде коронавирустың "нигериялық" штамы анықталды, ол елдің төрт аймағында таралған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген (Delta «Үнді штаммы» - 57 (59,4%), Alpha «Британдық» - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штаммының айналымы 4 өңірде анықталды. (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1). «Eta» штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штаммы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штаммдарға жатады.
Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм сезбеу және т.б.) сияқты, - деп жазды Алексей Цой.