Оралда жедел жәрдем көлігі аударылды

Оралда жедел жәрдем көлігі аударылды

Оралда жедел жәрдем көлігі аударылды
ашық дереккөзі

Оралда жедел жәрдем көлігі аударылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 20 қыркүйек күні шамамен сағат 20.30-да М.Шолохов пен С.Тюленин көшелерінің қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігі мен «Лада» автокөлігі соқтығысып, жедел жәрдем көлігі аударылды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем бригадасы жарық және дыбыс белгілерімен шұғыл шақыртуға кетіп бара жатқан. Жол апатынан жедел жәрдем стансасының 3 қызметкері зардап шекті.