Жаңалықтар

5 адам қаза болды: Алматыдағы атысқа қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

5 адам қаза болды: Алматыдағы атысқа қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады

Алматыдағы Ақбұлақ шағын ауданында ер адам полицейлер мен сот орындаушыларын атып өлтірген. Бес адам қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "20 қыркүйек күні сағат 17.00-де Алатау ауданы Ақбұлақ ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысының орындалуы кезінде үй тұрғыны - 1967 жылы туған азамат сот орындаушылары, учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД қызметкерлеріне оқ жаудырды. Бес адам, оның ішінде қызметтік міндетін орындау кезінде екі полиция қызметкері қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті. Екі полиция қызметкері 1982 жылы туған Алатау аудандық ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев және 1988 жылы туған Алатау аудандық ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев қаза тапты. Күдікті ұсталды.