Жаңалықтар

Сенатта Каспий теңізінің экожүйесін қорғау мәселелері талқыланды

ашық дереккөзі

Сенатта Каспий теңізінің экожүйесін қорғау мәселелері талқыланды

Сенатта Каспий теңізінің экожүйесін қорғау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

«Заң жобасының негізгі мақсаты – теңіз ортасы мен теңізге жақын орналасқан құрлыққа едәуір трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің трансшекаралық тұрғыдағы қоршаған ортаға әсерді бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін өткізу», - деп атап өтті сенатор Абдалы Нұралиев отырыста.

Сенаторлар комитет отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.