Белгілі жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден өтті

Белгілі жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден өтті

Белгілі жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден өтті
ашық дереккөзі

Белгілі жазушы, ақын Рафаэль Ниязбек өмірден өтті.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы растады. Рафаэль Ниязбек 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тамамдады. 1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасты. 1971-1977 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. Ол – Шешен Респуликасының ең жоғары Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік және Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым», «Жетіген», «Тамұқ отына жанбаған», «Шешендер», «Ичкерия» атты жыр кітаптары жарық көрді.