Алматы облысында үйінде 20 қап есірткі сақтаған деструктивті діни ағым өкілі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы ПД және Алакөл ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы облысы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, үйінде 20 қап есірткі сақтаған тұрғынды ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде 49 жастағы деструктивті діни ағымның жақтаушысы ұсталды. Санкцияланған тінту барысында жалпы салмағы 17,3 кг болатын 20 қап есірткі табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Алматы облысы ПД ПБЭ бастығы Руслан Найзабасов.
Қазіргі уақытта тәркіленген зат, "кептірілген марихуана" сараптамаға жіберілді.