Бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметов бостандыққа шықты

Бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметов бостандыққа шықты

Бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметов бостандыққа шықты
ашық дереккөзі

Бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметов бостандыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 1 қыркүйекте С.Ахметов сотталу мерзімін өтеуіне байланысты жазаның негізгі түрі бойынша пробация есебінен шығарылды. Қазіргі уақытта белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салу түріндегі қосымша жаза бойынша Қазыбек би ауданының пробация қызметінде есепте тұр», - деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 2015 жылғы желтоқсан айында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Премьер-Министр С. Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкімі шығарды. Сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызда басталып, төрт айға созылды. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты 2016 жылғы 14 наурызда  іс бойынша соталған 11 адамның жазасын жеңілдетті. Соның ішінде Серік Ахметовтің жазасы 10 жылдан 8 жылға дейін азайтылған болатын.