"Мектепті жарып жіберемін": 34 білім ордасына хабарлама таратқан жасөспірім ұсталды

"Мектепті жарып жіберемін": 34 білім ордасына хабарлама таратқан жасөспірім ұсталды

"Мектепті жарып жіберемін": 34 білім ордасына хабарлама таратқан жасөспірім ұсталды
ашық дереккөзі
Бұл туралы ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев айтты. «Жалған хабарлама беру тәсілдері санаулы. Мысалы, олардың 85 пайызға жуығы мобильді телефон арқылы хабарланған. Ақпараттық технологияның дамуына байланысты ғаламтор желісі арқылы да келіп түскен хабарламалар бар. Ондай фактілер 8 пайыз шамасында. Оларды ашу көбірек уақыт қажет етеді. Алайда мұндай қылмыстар да жазасыз қалмайды. Мысалы, осы жылы Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 34 білім ордасына электрондық поштамен "Мектепті жарып жіберемін" деп жалған хабарлама таратқан жасөспірімді ұстады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», - деді еді ол. Оның атап өтуінше, жалған «жарылғыш зат» адамдар көп жиналатын сауда үйлері, базарларға, дүкендерге, мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелеріне, вокзал мен әуежайға қойылады. «Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында мұндай қылмыстармен күресуде барлық мүмкіндік бар. Заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Қоңырау шалған адам дауысын өзгертсе де, сим-картасы мен телефонын ауыстырса да, ол бәрібір табылады. Қылмыстардың 90 пайыздан астамы «ізі суымай» келесі тәулікте ашылды», - деді Дархан Разуев. Департамент бастығының орынбасары ұсынған статистикаға қарағанда, соңғы 10 жылда осы санаттағы қылмыс едәуір азайған. «Атап айтқанда, 2011 жылы 123 факті, ал былтыр 50 факті тіркелген. Биыл 8 ай ішінде 52 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Оның 28-і сотқа жолданды. Қазіргі уақытта 16 адамға қатысты үкім шығарылды», - деді ол.