Джинсы кигені үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры сөгіс алды

Джинсы кигені үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры сөгіс алды

Джинсы кигені үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры сөгіс алды
ашық дереккөзі
Павлодарда сабаққа киіп келген киімі үшін алтыншы сынып оқушысын қорлаған мектеп директоры жазаланды, - деп жазды Tengrinews.kz. Павлодар қалалық Білім беру бөлімінің мәліметінше, оқушылар алдында алтыншы сынып оқушысын джинсы кигені үшін қорлаған мектеп директоры сөгіс алған. "Іс аяқталды. Барлық тарап тыңдалды. Ішкі тергеу нәтижесі бойынша мектеп директорына сөгіс жарияланды", - деді Павлодар білім басқармасы өкілдері. Оқушының ата-анасының мектеп директорына ешқандай шағымы жоқ. "Баланың анасының айтуынша, бұрынғы күйеуінің әлеуметтік желілерде айтқан әңгімесі асыра айтылған. Негізінде баланың жылап келгені жалған. Баланың анасы білім бөлімінің басшысында болды, сол кезде бәрі анықталды. Ол қызының жағдайы жақсы екенін айтты", - деді Павлодар қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі өкілі.