1 миллион доллар пара берген инвестор қонақүй құрылысын жалғастырады
1 миллион доллар пара берген инвестор қонақүй құрылысын жалғастырады
Василий Ниге пара берген инвестор "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығындағы бес жұлдызды қонақүй кешенінің құрылысын жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Конкурстың өткені жарияланды. Қонақүйдің құрылысы жалғасып жатыр, инвестор өзгерген жоқ. Оны пара бергені үшін жауапкершілікке тартпады, себебі, БАҚ-тан оқып білгеніміздей, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросына өзі хабар берген, бұл (пара беру - Авт.) оның жеке мүддесі емес", - деп хабарлады "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының баспасөз хатшысы Равиль Будуков.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қонақүйдің құрылысы әлі басталмаған, қазіргі кезеңде жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Бес жұлдызды кешен 2018 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.
"Қонақүй "Қорғастың" қазақстандық бөлігінде орналасады және қытай мен қазақстандық тарапқа ашық болады. Келісімшартта ШЫХО-да 30 күн визасыз болуды қарастырады, сондықтан жобада бұл қонақүй қарастырылған, онда Қазақстан, Қытай және үшінші елдердің азаматтары сәйкес қызметтерді ала алады", - деп нақтылады Равиль Будуков.
Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері "Қорғас" ШЫХО президенті Василий Нидің бопсалау арқылы миллион АҚШ доллары көлемінде пара алғанын хабарлаған. Ол осы пара үшін инвестициялық тендердің нәтижелерін шешіп беру үшін алған делінеді.
Василий Ни ұсталғаннан кейін "Қорғас" ШЫХО қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастыра берді.