«Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру – өркениетті қоғамға жат» – Бибігүл Жексенбай

«Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру – өркениетті қоғамға жат» – Бибігүл Жексенбай

«Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру – өркениетті қоғамға жат» – Бибігүл Жексенбай
ашық дереккөзі
Республикалық Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай Жамбылдағы жарылыс кезінде кәсіби міндетін атқарып, ақпарат таратқан журналистің «Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша тергеуге алынуына қатысты пікір білдірді. «Бас редакторлар клубы Жамбылдағы төтенше жағдай кезінде жұртшылыққа ақпарат таратып, өзінің кәсіби міндетін атқарған әріптесіміз Данияр Әлімқұлға қатысты жағдай журналистер қауымы арасында алаңдаушылық тудырып жатқанын және аталған мәселе тез арада шешімін табады деген сенім білдіретінін жеткізеді. Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру, қысым көрсету өркениетті қоғамға жат келеңсіздік. БАҚ өкілдері ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға заң жүзінде құқылы және оған ешкім қол сұғып, нұқсан келтірмеуі тиіс. Жалпы, соңғы кезде журналистердің құқығын қорғау мәселесі жиі айтылып жүргені рас. Алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктің қайталанбауы үшін Бас редакторлар клубы әріптестер тарапынан нақты ұсыныстарды жинақтап, Үкімет, министрлік, Парламент депутаттарына ұсынуға әзір және еліміздің барлық БАҚ өкілдерін осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырады» деп жазды Бибігүл Жексенбай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.