Қарағанды облысында өрттен үш адам күйіп қалды
Қарағанды облысында өрттен үш адам күйіп қалды
Өткен тәуліктерде Қарағанды облысының құтқарушылары еріктілермен бірге алты дала өртін сөндірді. Жалынмен күрес кезінде үш адам зардап шекті, оларды 18, 28 және 90% күйік шалды.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, өткен тәулікте, 17 қыркүйекте Қарағанды облысы аумағында Ақтоғай (жану алаңы - 200 га, 500 га, 2000 га), Қарқаралы (жану алаңы - 530 га, 300 га) және Шет аудандарында (аумағы - 40 га) 6 табиғи өрт сөндірілді.
«Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округіндегі табиғи өртті ауыздықтау барысында 1989, 1979 және 1973 жылы туған Егіндібұлақ кентінің 3 тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Олардың денесін 18, 28 және 90% термиялық күйік шалған», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Бүгін таңертең 18 қыркүйекте Ақтоғай ауданында 300 га алаңда табиғи өрт ауыздықталды. Табиғи өрттерді жоюға 339 адам және 94 техника, оның ішінде ТЖ департаменті (93 адам, 22 техника) және жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы ерікті құралымдары (246 адам, 72 техника) жұмылдырылды.