"Қарғыстың көкесі Жамбылдан қалған". Мәжіліс депутаты журналисті не үшін қарғағанын түсіндірді

"Қарғыстың көкесі Жамбылдан қалған". Мәжіліс депутаты журналисті не үшін қарғағанын түсіндірді

"Қарғыстың көкесі Жамбылдан қалған". Мәжіліс депутаты журналисті не үшін қарғағанын түсіндірді
ашық дереккөзі
Журналист Серік Боқан былтыр Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан қарғыс естігенін айтып, Facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырған болатын. Сөзіне дәлел ретінде ол екеуара әңгіменің аудиожазбасын да жариялаған. Қоғамда қызу талқыға түскен осынау жайтқа байланысты Б.Тілеухан енді түсінік берді. Qasqa Jol Youtube-каналында қонақта болған депутат қарғыс айтудың фольклорда барын айтып ақталды.
«Жамбыл мен Құлмамбет айтысындағы «Әй, Құлмамбет, Құлмамбет, ағып жатқан сумен кет, батып жатқан күнмен кет» дегені қарғыс емей немене?! Ал «Қыз Жібекте» Базарбай Төлегенге теріс бата береді. Мысалдар көп-ақ. «Бәленбай руда Молқы дегенге Тоқа осылай істепті. Ойықтың ішінде осындай бопты» деген сияқтылардан шежіреде аяқ алып жүре алмайсың. «Керемет жүйрік торысы болған екен. Оның аяғын інге тығып алғанда баласына осылай депті. Сөйтіп одан бір ұлдан артық тумай қояды екен» деген нәрселер көп-ақ қой. Әрине, оны ақтап отырған жоқпын. Қарғаған деген қайбір оңған нәрсе дейсің. Алайда тура осыны аңдып отырғандай әртүрлі қылып жазып, «менің арқамда» қаламақысын алып жатқандар бар ғой», - деген Бекболат Тілеухан.
«Қарғау бұрын соңды болмаған, Бекболатқа дейін болмапты дегендер халықтың жанын түршіктіру үшін істеп жатыр. Бір-ақ фактіні айттым ғой, қарғыстың көкесі Жамбылдан қалған», - дейді депутат. https://youtu.be/mz00w1ukYkk Еске салайық, журналист Серік Боқанның өзі әлеуметтік желідегі осынау жазбасынан кейін артынша Бекболат Тілеуханнан кешірім сұрап екінші жазбасын жазған еді. Депутаттың өзі болса осы оқиғадан кейін спортшы жігіттер келіп, журналистпен жеке сөйлеспек болғанын айтады. Оларды Тілеуханның өзі тоқтатыпты.