Әлия Назарбаева кітабының таныстырылымын өткізді

Әлия Назарбаева «Место силы» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан тұсаукесерге Ресейдің белгілі әртісі Максим Галкин келгенін байқауға болады, деп хабарлайды NEGE.KZ.

Snimok ekrana 2021 09 17 v 18.31.35

Бұл туралы Әлия Назарбаева өзінің instagram-дағы парақшасында да жазды.

«Кеше «Место силы» деп аталатын кітабымның тұсаукесері өтті. Жақында берген сұқбатым да осы күнге арналған. Жақындарым, әріптестерім, достарым, танымал бизнесмендер мен Қазақстаннның қоғам қайраткерлері жиналған осы жиынға арнап жазылған сұқбат болатын. Кеш қонақтары кітаптың мақсаты мен идеясы туралы, командамыздың қазіргі және жоспардағы жобалары туралы ақпаратқа қанық болып, «Сазген сазы» қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы шағын концертін тамашалады. Бұл ерекше сәт болды. Барлығы да осындай концертті сағынып қалыпты. Бірақ, бұл шараның басты мақсаты – публицистикалық дебютімді ұсыну ғана емес. Бағдарлама аясында қайырымдылық аукционы өтіп, Қазақстанның өңір-өңірінде ағаш отырғызу, сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласында тұтас орман паркін салу үшін қаражат жиналды», – деп жазды Әлия Назарбаева.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

Back to top button