Жаңалықтар

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

ашық дереккөзі

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Елордада "Антарес" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды. Қаржы мониторингі агенттігі қазір жәбірленушілер мен келтірілген шығын сомасы анықталып жатқанын хабарлады. "Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке тартқан. Бірақ шын мәнісінде қаржыны қайта бөлу жолымен табыс тауып, басқа салымшылардың жарнасы есебінен байып отырған", - деп жазылған хабарламада. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.