Кейкі батырдың басын Венгриядан әкелді

Кейкі батырдың басын Венгриядан әкелді

Кейкі батырдың басын Венгриядан әкелді
ашық дереккөзі
Кейкі батырдың бас сүйегінің бөліктері Венгриядан Алматыға әкелінді. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына Қазақстан орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай хабарлаған. «Қазір Қазақстан үкіметінде жерлеу мәселесі шешіліп жатыр» деген ол. Әзірге бас сүйек қалдықтары Орталық музейде сақтала тұрады. Кейкінің бас сүйегі зерттеу үшін Венрияға әкетілген болатын. Антрополог Андраш Жолт Бироның айтуынша, алдағы бірнеше ай ішінде батырдың бет-әлпеті қайта жасалады. Жұмыстың нәтижесін таныстыру Қазақстанда өтеді.