Демалыс күндері күн суытады

«Қазгидромет» 18-20 қыркүйектегі ауа райына болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Солтүстік суық антициклонның әсерінен алдымен батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында ауа температурасы төмендейді.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап көтеріледі: -2+10 градус +1+13 градус, күндіз +13+20 +15+23 градус. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде сынап бағанасы -3-тен +5 градусқа дейін, күндіз +7+15 градусқа дейін жетеді. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +10+18 градустан +2+10 градусқа дейін, күндіз +20+28-ден +10+18 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Республиканың оңтүстігінде түнде +10+20 градустан +5+13 градусқа дейін, күндіз +25+30 градустан +17+25 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет».

Back to top button