«20 қыркүйектен бастап қайтадан онлайн оқуға көшеміз» – жалған ақпарат

WhatsApp мессенджерінде 20 қыркүйектен бастап елімізде оқушылар мен студенттер онлайн режимде оқуға көшетіні туралы жаңалық тарап жатыр, – деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

Онлайн оқыту форматына көшу туралы ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де жоққа шығарды.

 «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балалар офлайн режимде оқуда және оқуын жалғастырады. Егер сыныпта коронавирус инфекциясын жұқтырған оқушы анықталса, онда тек сол сынып қана екі апталық карантинге жіберіледі. Мектептегі қалған барлық оқушы оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады», – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қашықтан оқытуға көшу туралы хабарламалар фейк, ал скриншот қолдан жасалған. Биыл 15 қыркүйекте Tengrinews.kz порталы оқушылар мен студенттер үшін оқыту форматының ауысқаны туралы хабарлама жариялаған жоқ, деп жазады Tengrinews.kz порталы.

 

Back to top button