Жаңалықтар

Оралда «JaiyqFilmFest» халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Оралда «JaiyqFilmFest» халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр

Орал қаласында «JaiyqFilmFest» халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестивалі өтіп жатыр. Кинофестиваль Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында  және «Қала күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған. Фестивальға қатысу үшін әлемнің түпкір түпкірінен 100-ден аса өтінім келіп түскен. Соның ішінен 9 мемелекеттен 31 фильм әділ қазылар алқасына ұсынылды. Жастар фильмді ерекше түсіреді. Олар киносыз өмір сүре алмайды. Көзқарастары да басқа. Маған театр да, кино да жақын. Кино – ғажайып әлем. Қазір білімді, талантты жастарымыздың фильм түсіруіне мүмкіндік мол. Осы кинофестиваль режиссерлар мен әртістер үшін үлкен тәжірибе болатынына сенемін,- деді «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Меруерт Қаратайқызы.