QazInnovations экс-басшысы Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Ілияс Есетұлы Оспанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ілияс Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Астана су арнасы» МҚК инженері болып бастады. 2012-2014 жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымды қызметте жұмыс істеді.

2014-2016 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.

2016-2017 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2017-2018 жж. — «Евразия» корпорациясы» ЖШС холдинг компаниясының даму және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президенті.

2018-2020 жж. – ҚР және Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын Басқару тобы директорының орынбасары.

2020 жылғы ақпан айынан 2021 жылғы сәуір айының аралығында – «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ президенті.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Back to top button