Тұрғын үйлерге зақым келді: Степногорда бірнеше саяжай өртенді

Тұрғын үйлерге зақым келді: Степногорда бірнеше саяжай өртенді

Тұрғын үйлерге зақым келді: Степногорда бірнеше саяжай өртенді
ашық дереккөзі
Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні сағат 17:00-де болған. Өрт қаланың шетіндегі телемұнара тұсынан басталып, «Вавилов» саяжай алабына тараған. Тілсіз жау 20 гектар аумақтағы құрғақ шөпті шарпыды. Одан 3,5 гектар аумақтағы 58 саяжай учаскесіне таралды, оның үшеуінде саяжай үйлеріне зақым келді. «Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 34 адам мен төрт арнайы өрт сөндіру техникасы, «ОПАЗ» мемлекеттік емес өрт қауіпсіздігі қызметінің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы, «ЕПК» АҚ өрт қауіпісіздігі бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазақалтын» кәсіпорнының 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Мани» ЖШС-ның 2 қызметкері мен 2 техникасы, Степногор қалалық су каналының 2 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды», - деді ведомстводан. ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрт сағат 20:45 ауыздықталып, 22:00-де толық сөндірілді. Қазіргі кезде, өрттің шығу себебі мен салдары анықталып жатыр.