Қос азаматтығы бар Семей тұрғыны 17 жыл бойы екі елден зейнетақы алып тұрған

Қос азаматтығы бар Семей тұрғыны 17 жыл бойы екі елден зейнетақы алып тұрған

Қос азаматтығы бар Семей тұрғыны 17 жыл бойы екі елден зейнетақы алып тұрған
ашық дереккөзі

Қос азаматтығы бар Семей тұрғыны 17 жыл бойы екі елден зейнетақы алып тұрған, деп хабарлайды turkystan.kz Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тәртіп сақшылары Семей тұрғыны 17 жыл бұрын Новосібірде Ресей азаматтығын алғанын анықтады. Алайда осы жылдар бойы Семейде тұрып, Қазақстан азаматының құжаттарын пайдаланған. Екі елден де зейнетақы түсіп тұрған. Сондай-ақ, тамыздың ортасында полиция қызметкерлері 2003 жылы Алтай өлкесінде Ресей азаматтығын алған Өскемен тұрғынын да анықтады. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 100 АЕК-ке (291 мың теңге) айыппұл салынды.
Шетелдіктерден ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды, - деп мәлімдеді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Биыл 9 ай ішінде өңір полицейлері қос азаматтығы бар 60-тан астам адамды анықтаған.