Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды

Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды

Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды, – деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі. «Бүгін түнде дарынды спортшы – ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы және рекорд жасаған, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылықтың, тәртіптің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында биік белестерді бағындырып, көпке үлгі болды. Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы ұжымы спортшының туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», – делінген хабарламада. Спортшының неден көз жұмғаны айтылмаған.