Жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру мәселесі көтерілді

Жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру мәселесі көтерілді

Жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру мәселесі көтерілді
ашық дереккөзі

16 қыркүйекте «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру (NEET категориясы)» жобасы аясында TEDx форматындағы кездесу өтті.

Іс-шараның спикерлері ретінде «QazAlliance» шет елдегі қазақстандықтар бірлестігінің президенті Әлішер Тұрсын, Радио ORDA FM жүргізушісі Майра Төлепберген, BTS Educatiuon консультаты Бауыржан Абуов және «EVEREST» волейбол клубының жетекшісі Әділет Доқтырбек қатысты.

 width=

Кездесу барысында бүгінгі еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және жастар өзін қай салаларда белсенді дамытуы керек, PR және медиа-менеджмент және олардың жұмысқа орналасудағы рөлі; жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары және т. б. жайында сөз болды.

«Жоба NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру мен дамыту жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс -шара барысында біздің спикерлер мансап пен жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Бұл кеңестер жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандырады деп ойлаймын. Спикерлер жастарға өз өмірінде табысты адам болу үшін өзіне және өз мүмкіндіктеріне сенуге көмектеседі», – деді жоба сарапшысы А.Бүркіталин.

 width=

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағында ашық аспан астында өтті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қорымен «Jas Otan» Жастар Қанатымен бірлесіп жүзеге асыруда.