Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 17 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан территориясың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі – жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз желдің 15-20, оңтүстігінде 25 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, солтүстік-шяғысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, күндіз орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының орталығы мен батысында, күндіз орталығы мен оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауылмен. Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының батысы, солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырық бетінде, Қостанай облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.