Nur-Sultan theatre week: елордада театр фестивалі өтеді

Nur-Sultan theatre week: елордада театр фестивалі өтеді

Nur-Sultan theatre week: елордада театр фестивалі өтеді
ашық дереккөзі
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Nur-Sultan theatre week халықаралық театр фестивалі өтетінін айтты. «Екпе алған тұрғындар санының көбеюі мен КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы қалыпты өмірге біртіндеп оралуға мүмкіндік береді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 28 қазан мен 1 қараша аралығында Nur-Sultan theatre week халықаралық театр фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Елордамыздың барлық театры қатысады, сондай-ақ шетелдік театр ұжымдары шақырылады», - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында. Бұл фестивальді өткізуге алғаш рет қаланың барлық инфрақұрылымы, оның ішінде шағын және орта бизнес тартылады. Театр апталығы кезінде көрме, театр сахнасының жетекші театрлары мен мэтрлерінің түрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындары арасында спектакльдердің қызықты премьера қойылымдарына билеттер ойнатылады. Театр апталығын ұйымдастыруға қатысты барлық ақпарат visitnursultan.kz сайтында орналастырылады. «Былтыр жылы жаңа қазақ драма театры ашылды, онда саябақты абаттандырылады. Сондай-ақ, «Астана Опера» театрының қасында емен бағы, «Астана балет» театры мен Қ. Қуанышбаева атындағы қазақ музыкалық драма театрының қасында бақ болады. Биыл Жастар сарайы мен жас көрерменнің музыкалық театрын жалғайтын «театр бульвары» жаяу жүргіншілер аллеясы, сондай-ақ А.Мәмбетов көшесінің (Кенесары көшесі мен Абай даңғылының арасындағы) учаскесінде орналасқан «Demalys Promenade» алғашқы жаяу жүргіншілер көшесі ашылды», – деді елорда әкімі.