Ақтөбеліктер Қазақстанның бас санитар дәрігерін сотқа берді

Ақтөбе тұрғындары Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовты сотқа берді. Олардың ойынша, коронавирусқа қарсы вакцина алмағандарды жұмысқа кіргізбеу талабы заңсыз, – деп жазды «Диапазон»

Ақтөбе сотына Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне шағым түсті. Қаланың үш тұрғыны Ерлан Қиясовтың қаулысының коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған адамдарды жұмысқа кіргізбеу туралы тармағын алып тастауды талап етіп отыр.

Шағымданушылар бұл талапты заңсыз деп есептейді.

Ақтөбе соты бұл іс Нұр-Сұлтанда қаралуы тиіс деген шешімге келді.

Шағым Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Back to top button