Орал маңындағы орманда белгісіз әйелдің мәйіті табылды

Орал маңындағы орманда белгісіз әйелдің мәйіті табылды

Орал маңындағы орманда белгісіз әйелдің мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті марқұмның жеке басы анықталып жатқанын мәлімдеді.  "15 қыркүйекте cағат 14.00 шамасында Ветелки ауылының маңындағы орманда әйелдің мәйіті табылды. Әйелдің жеке басы мен өлімінің себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сот алды тергеу басталды", - деді баспасөз қызметіндегілер. Полиция тергеу мүддесіне байланысты, басқа мәліметті жарияламады. Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, белгісіз әйелдің мәйіті шөптер мен бұталар өртенген, адамның жүруі мүмкін емес жерден табылған. Бұл арада әлеуметтік желілерде 21 жастағы тағы бір қыздың із-түссіз жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды. Анастасия Черная 13 қыркүйекте жігітімен бірге тұратын үйінен шығып, әлі оралмаған. Жоғалған қыздың анасы оның телефоны сөніп қалғанын, хабарласпағанын айтты.