Алматы халықаралық әуежайының президенті ауысты

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы органның құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Призидент Эркал Кадри Мете шығарылып, Алп Ер Тунга Ерсой президент болып тағайындалды.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде.

Еске салайық, сәуір айында TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы сатып алуды аяқтап, елдің экономикалық астанасында орналасқан Қазақстанның ең көп жұмыс істейтін әуежайы – Алматы қаласы әуежайының операциялық қызметін басқаруды өз мойнына алған болатын.

Back to top button