Шетел қазақтарындағы ұлттық дәстүр: ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Дәстүрді ескере отырып, біз «бұ­­рын осылай болған» солай келе жатыр» деп айта­мыз, бұл жазылмаған заң секілді, оны барлығы дерлік ұстанады. Мы­са­лы, бұрыннан келе жатқан «құда­лық» ұлттық салт-дәстүрін өткізу ке­зінде қазақтар міндетті түрде өз­дерінің «құдаларына» сыйлықтар бер­ген, ал бұл дәстүрдің бүгінгі «жаңар­тылған» сипатын алатын бол­сақ, бұл сыйлықтар ақшалай ұсы­ны­лып, қымбаттай түскен, кейде құда­лар арасында бәсекелестік те кез­деседі.

Дәстүрдің бұлай өзгеруіне ең ал­дымен, қазақтардың өмір сүру жағдайы, қоғамдық өмірдің әр­түрлі салаларында техноло­гия­лар­дың дамуы әсер етті. Атап айт­қанда, Моңғолиядағы, Қытайдағы, Түрік­менс­тандағы немесе Қазақстандағы қазақтардың «той» өткізу кезіндегі айыр­машылықтарды да табуға бола­ды, ол үшін интернеттегі бейнема­те­риал­дарды қарау жеткілікті. Айыр­машылық сыйлықтардың атауынан бас­талып, мерекелік үстелдегі ұлттық та­ғамдардың атауларымен аяқта­лады. Егер Моңғолияда ауылдық жер­лерде тұратын қазақтар әлі де мал­ды сыйлық ретінде пайдалана ала­тын болса, Түрікменстан қазақ­тарын­да сыйлық ретінде негізінен кілемдер мен зергерлік бұйымдар бағаланады.
Айта кету керек, қазақтардың мәдени дәстүрлерінде тұрақты тұра­тын белгілі бір ел мен мемлекеттің құндылықтары ескерілген. Бұл – күнделікті өмірде көрінетін бірегей құндылықтар. Қазақтар тұрғылықты еліне қарамастан жергілікті халық­тың тілі мен мәдениетін үйреніп, сол елдің лайықты азаматтары бола алған.

Әртүрлі елдерде тұратын қа­зақ­тардың мәдени әдет-ғұрып­тары мүлде өзгеше болуы мүм­кін: қазақтар үшін норма болып са­налатын жағдай басқа елдің қа­зақтарына ерсі болып көрінуі мүм­кін. Мысалы, кейбір шығыс елдерінде шай ішу – ерекше рәсім, сондық­тан қонақтар шайға шақырудан бас тартпауы тиіс, себебі бұл құрметсіздік ре­тінде қабылдануы мүмкін. Ал Ре­сейде тұратын қазақтар бұл жағдайға жеңіл қарайды. Орыс мәдениетінде де шай ішу дәстүрі бар, ондағы қазақ­тар үшін шай ішуден бас тарту орын­сыз көрінбейді.
Ресейдегі қазақтар – Ресей Федерациясының байырғы хал­қы, елдегі барлық этностар ара­сында саны бойынша оныншы орын­да. Ең көп қазақтар Ресей Фе­дера­циясының Астрахан мен Орынбор облыстарында тұрады .
Қазақтардың ұлттық дәс­түр­лерді сақтауындағы айыр­ма­шылыққа урбанизация дәрежесі де әсер етеді. Мемлекеттік қызметтегі, кәсіпкерлікпен айналысатын және басқа да жұмыспен қамтылған қала­лық қазақтарға қарағанда ауыл тұр­ғындары өздерінің менталитетіне байланысты дәстүрлерге көп мән береді. Мысалы, қазақтың ұлттық дәстүрлерін сақтау киімде, сөйлеуде, тамақтану ерекшеліктерінде, дү­ниетанымда, психологияда, кейде дінде көрінуі мүмкін. Қазақтардың мәдени дәстүрлерінің айырмашы­лы­ғының барлық аталған өлшемдері қазір де өзекті екенін атап өткен жөн. Әрине, қалалық және ауылдық өмір арасындағы айырмашылықты бірте-бірте жою мәдениет пен дәс­түрге белгілі бір әсерін тигізеді, алай­да үйдегі сары май мен кептірілген ірімшік сүзбесін дайындау осы өнім­дерді дүкеннен сатып алуға мүм­кіндігі бар қалалықтарға қарағанда, ауыл қазақтарының тұрмысына жиі тән.
Қазақтардың өмір салты тура­лы да осыны айтуға болады. Бүгінгі күнге дейін Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының, Қытайдың ШҰАА көптеген қазақтары көшпелі өмір салтын ұстанады, мал шару­а­шылығымен айналысады, ал Түрік­менстанның Балқан және Дашогуз ве­­­лаяттарында жинақы тұратын этни­калық қазақтар өсімдік шаруа­шылығымен көбірек айналысады. Мұн­дай өмір салты олар ұстанатын дәс­түрлерге, ең алдымен тамақтану дәстүрлеріне әсер етеді.

9zhbfr 12

Дәстүрлер өзінен өзі пайда бол­майды, олар тек қажет бол­ған кезде ғана пайда болады. Олар адамның санасымен және адам­­­дардың мүдделерімен қатар өз­геруі мүмкін, олар жоғалып кетіп, кейін­нен жаңа тұрғыда қайта пайда болуы мүмкін. Қазақтардың осындай ұлттық-мәдени дәстүрінің жарқын мы­салы – Наурыз мейрамын той-
лау.
Наурыз мейрамы дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталып, за­манауи өмірге бейімделді. Мереке күні көбінесе театрландырылған қойы­­лымдар, концерттер, қайырым­ды­лық акциялары, ұлттық спорт ойын­дары өткізіледі. Алайда бір нәрсе – жаңа жыл сезімі, көктемгі жаңару және ізгі тілектер өзгеріссіз қа­лады.
Әрбір қазақ дәстүрінің өзінің жеке мағынасы бар, ол оның функ­­цияларында көрініс табады.
Бұл – адамгершілік нормалар мен ережелер арқылы адамның рухани әле­міне әсер ету арқылы қоғамдағы қатынастарды тұрақтандыру және дамыту. Ұрпақтар арасындағы бай­ла­нысты сақтай отырып, мәдени-ру­хани қатынастарды ұрпақтан-ұр­пақ­қа беруді қамтамасыз ету. Әлемнің түрлі елдерінде тұратын қазақтар қарым-қатынас үлгісін, өздерінің ұлт­тық әдет-ғұрыптарын (киім-ке­шек, ұлттық тағамдар, музыка, әндер және т.б.) жаңғыртып, келесі ұрпаққа табыстайтын «Наурыз мейрамын» атап өту дәстүрі мысал бола алады.
Шетелдік қазақтардың ұлт­тық дәстүрлерді сақтауы ана тілін қолданудан басталады, өйт­кені дәстүрлер мен олардың атри­буттары өздерінің тарихи атау­ларына ие.
Моңғолия мен Қытайдағы қазақтардың өмірін зерттеу шет­елдік қазақтардың ұлттық дәс­түрлерді сақтауға қалай ұқыпты қа­рай­тынын көрсетті. Мысалы, Моң­ғо­лиядағы қазақ диаспорасы өзінің қарым-қатынас шеңберін сақтап қалуға тырысады, диаспора өкілдері ба­лаларының ата-бабаларының тари­хын, мәдениеті мен әдет-ғұрпын біл­генін қалайды. Олар өз бала­лары­нан қазақ дәстүрлерін сақтауды та­лап етеді, ең алдымен ана тілін білуді жә­не отбасында қалыптасқан дәс­түр­лерді ұстануды талап етеді.
Моңғолия қазақтары жыл сайын «Алтын бүркіт» («Зо­ло­той орел») фестивалін ұйым­дас­тырады, оның аясында көрмелер, музыкалық жарыстар, сондай-ақ ай­тыс, термешілер сайысын өткізеді. Бұл ретте басты шарт – тек қана қа­зақ музыкалық құралдарын пайда­лану. Мұндай жағдай Моңғолия ау­ма­ғында тұратын қазақтардың ұлт­тық дәстүрлері мен мәдениетін сақ­тауға бағытталған .
Қытай қазақтары Моңғолия қа­зақ­тарына қарағанда жазу кезінде араб қарпін пайдаланады , ал моңғол қазақтары кириллицаны жақсы мең­герген. Алайда олар қазақ тілінде сөйлеген кезде Қазақстандағы тілден айырмашылығы жоқ. Қытай қазақ­тарының ересек ұрпағы едәуір таза қазақ тілінде сөйлейді, бірақ жастар сөйлесу кезінде кейде қазақ сөздерін қытай тіліндегі сөздермен аралас­тыра­ды, бұл – ассимиляцияның сал­дары.koshpendiler al
Дегенмен Қытай қазақтары­ның аға буыны тұрмыста қа­зақ тілін қолдануды, жас буын өкіл­деріне ана тілін үйретуге тыры­сады. Ұлттық бірегейліктің сақталуы ең алдымен отбасы ортасында бай­қалады: балалар туған кезде оларды қазақ есімдерімен атайды. Балалар белгілі бір жасқа жеткенде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін өткізеді. Қа­зақ дәстүрлерін сақтай отырып, түрлі отбасылық мерекелер ұйым­дас­­тырады (құдалық, үйлену той­лары, жерлеу рәсімдері және т.б.). Ме­ре­келерге қазақтың ұлттық тағам­дарын дайындайды.
Бірақ Қытай мен Моңғолияның қазақтарына қазақ тілімен қа­тар тұратын елдің тілін білу қажет, өйткені жергілікті тілді білмесе мек­тептерде, жоғары оқу орындарында оқу немесе жұмысқа орналасу іс жү­зінде мүмкін емес.
Объективті шындық қазақ тілінің өзгеруіне ықпал ете­тінін, қазіргі өмір сүру жағдайының тілге әсер ететінін атап өткен жөн.
Бүгінде әлемнің барлық елін­дегі қазақ жастары аға буынға қарағанда екі-үш және одан да көп тіл­дерді білуге тырысады, бұл қазіргі өмір­дің экономикалық және техно­ло­гиялық жағдайларына байланыс­ты. Мысалы, Қазақстанда орта мек­теп­те оқитын балалар үш тілді мең­гере­ді. Жоғары оқу орындарында сту­денттер, магистранттар, докто­рант­тар кем дегенде үш тілде дайын­дықтан өтуге мәжбүр. Бұл тек біздің елге ғана қатысты емес. Оқытудың бұл бағдарлары халықаралық сипат­қа ие.
Демек, қазіргі қазақ тіліне нор­маға айналған шетелдік сөз­дер енгізіледі. Кез келген тілде ша­ма­мен бірдей айтылатын «компьютер», «смартфон», «интернет», «программа», «дисплей», «онлайн» және т.б. халық­аралық терминдерді санамасақ та, бү­гінгі таңда қазақ тілінің мазмұ­нын­да әлеуметтік ортаға байланысты жаңа ағымдар көрініс тапты. Бұл, біздің ойымызша қазіргі әлемдегі қа­зақ тілінің жай-күйі, бұл жағдай тұра­тын еліне қарамастан, қазақ тілінің барлық спикеріне тән. Қазіргі за­манның қазақ тіліне осындай объек­тивті әсерін шындық ретінде қа­былдауға тура келеді. Қазақ тілінің та­залығын кәсіби ортада тек линг­вист мамандар сақтай алатын шығар, өйткені бүгінде қазақ тіліндегі бірде-бір әдеби немесе басқа (құқықтық, техникалық және т.б.) мәтін шет­елден шыққан қазіргі заманғы жаңа сөздерсіз болмайды.
Әлемдегі қазақтардың этни­калық бірегейлігін және олар­дың қазіргі жағдайдағы өзгеру ерек­шеліктерін анықтайтын жеке­леген қазақ ұлттық дәстүрлерін қа­растырайық.
Шетелдегі қазақтар сақтай­тын ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктерін байқау үшін, әдетте олар­дың Қазақстанда қалай сақтал­ға­нымен салыстырамыз. Қазақтар­дың кейбір дәстүрлері мен әдет-ғұ­рыптары қазіргі заманның жағдай­ларына бейімделген, өкінішке қарай, әрқашан жақсы жаққа емес. Кейде әдемі, тәрбиелік және философиялық мәнге толы қазақтардың тарихи қа­лыптасқан дәстүрлері өзінің алғаш­қы келбетін жоғалтқанын байқау өте өкінішті.
Қазір, мысалы, «қыз ұзату тойы» (қа­лыңдықты шыға­рып салу) бұрын-соң­ды болмаған әре­кеттермен өт­кі­зіледі. Раушан жа­пырақшалары бар «ақ жол», жолдау сөздері, түн орта­сы­на дейін жастар­дың кетуі және т.б. Ер­теде құдалар қалыңдықты күн шы­ғысымен – жаңа күннің, жаңа өмір­дің символымен таңертең ерте алып кеткен. Бір күн бұрын қалың­дық барлық туыстарын «сыңсу» әні­мен аралап, туыстарымен қоштасқан.
Шын мәнінде қазір үйлену тойы және өзге де отбасы­лық салтанаттарды (құдалық, қыз ұзату, баланың тууы, сүндет той, кә­мелеттік жасқа толу, мерейтойлар жә­не т.б.) өткізу кезінде бүкіл әлем­дегі заманауи қазақтар кәсіби ұйым­дастырушылардың қызметіне жү­гінеді, соңғылар болса, жарнамалық және табыс табу мақсатымен өткізу сценарийіне фантазиясын қосып түрлі іс-шараларды енгізеді. Шын мә­нінде, егер мереке иелері қолдаса, оған ешкім тыйым салмайды. Айта кету керек, мерекелерді ұйымдас­тыру­шылар көбінесе жастар, олар қа­зақтың ұлттық дәстүрлі іс-шара­ларын өткізуге көп мән бермейді, бас­тысы, олар үшін қызық өтсе және ме­реке иелеріне ұнаса болды, ал этни­калық және тәрбиелік мағынасы на­зардан тыс қалады. Мұндай жағ­дай­лардың таралуы біртіндеп қоғам­дық әдетке айналады, содан кейін адамдар ұлттық дәстүрлердің бұрын қалай болғанын және қазір не болып жатқанын ойлай бермейді. Шамасы, мәдени дәстүрлердің трансфор­ма­ция­сы осындайдан басталады.
Тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, қазақ әдет-ғұрып­тарының трансформациясына заманауи құбылыстар мен объективті шындық әсер ететіні анық, оны мына жарқын мысалдардан байқауға бо­лады.
Бірнеше жыл бұрын Моң­ғо­лиядан Қазақстанға ересек жаста көшіп келген этникалық қа­зақтар өздерінің отбасыларында, ауыл­дарда сақталған салт-дәстүр­лерді ұмытпай, естерінде сақтаған. Олардың көпшілігі Моңғолияда тұратын туыстарымен, достарымен ты­ғыз байланыста. Біз соңғы жыл­дары Қазақстанда тұрақты тұрып, жұмыс істейтін Моңғолиядан келген отандастармен байланыс орнатып, оларға жалпы қазақтар арасында ұлт­тық дәстүрлердің сақталуы тура­лы салыстырмалы тәсіл жасауға мүм­кіндік бердік. Бұл мысалдар қа­зіргі өмірдің тарихи қалыптасқан қазақтың ұлттық дәстүрлерін қалай өзгертетінін, ең бастысы, олардың қаншалықты бұрын құнды және фи­лософиялық мәнге толы болғанын көрсетеді.
Мүмкін, қазақтың ұлттық дәс­түрлері, әдет-ғұрыптары, ме­ре­келері сипатталған тарихи сауат­ты ақпарат енгізілген, көпші­лік­ке қолжетімді арнайы сайтты (не­ме­се өзге де электронды дереккөзді) құру­­ды және оның жұмысын қам­та­масыз етуді талап ететін уақыт кел­ген шығар. Онда адамдар қазақ дәс­түрлерінің бастапқы бейнелерін оқып, жаңғырта алатындай болар еді. Тарихшы мамандардың мұндай ақ­параты қазақтың әдемі әдет-ғұрып­тарын қалпына келтіруге ықпал етер еді.
Баланың аты туралы мәселені қозғасақ, Моңғолиядағы қа­зақтар осындай құқықты мерекеге шақырылған ең құрметті қонаққа береді екен. Жалпы, әдетте, ондағы қазақтар бала тууына байланысты мерекеге ең алдымен көпбалалы туыс­тарын шақырады екен. Жаңа туған баланың атын қоятын адам отбасындағы тек құрметті адам ғана емес, сонымен қатар ол үлкен отбасы бар адам болуы тиіс. Мұндай адамды мерекенің қонақтары тікелей той кезінде анықтайды екен, сондықтан баланың аты тек ата-анасы үшін ғана емес, сонымен қатар мереке қонақ­тары үшін де тосынсый болуы мүм­кін. Бұл – балаларға байланысты ежел­гі қазақ әдет-ғұрыптарының құн­­дылығы, қызықтығы, терең ма­ғы­насы мен тәрбиелік әсері. Қазіргі жағдайда қазақтың ұлттық дәстүр­леріне ертеректе салынған оларға тән барлық даналық мағына жоға­лып кетіп бара жатқан секілді, мұнда тағы да уақыттың, тарихтың, әлеу­мет­тік оқиғалар мен басқа да фак­тор­лардың әсері туралы айтуға бо­лады.
Моңғолияда тұратын қазақ­тардың ұстанатын тағы бір ұлттық дәстүрін алайық. Егер қандай да бір себептермен бала тамыр ал­ма­са, қайтыс болса немесе әйел ден­сау­лығына байланысты баланы сақтап, туа алмаса, онда мұндай әйелдің туыл­­ған баласына кез келген басқа ұлт­қа тән есім беріледі екен. Әдетте, Баян-Өлгей қазақтары мұндай көп­тен күткен балаға моңғол немесе орыс (моңғол қазақтары кирил­ли­цаны қолданады, елдің тұрақты тұр­ғындарының арасында орыстар да кездеседі) немесе тіпті кейбір жа­ғымсыз есімдерді береді екен. Олар бұл баланы қорғайды деп санайды.
Тағы бір атап кететін жайт бар. Бұл – қазақтардың тұратын ай­­­мағына байланысты ұлттық қазақ дәс­түрлерінің ерекшеліктері. Мы­салы, Берлинде тұратын қазақтар (біз олармен кездестік) қазақ тілінде өте жақсы естілетін түрік екпінімен сөй­лейді. Тиісінше, дәстүрлі ұлттық қазақ іс-шараларын өткізу кезінде олар­да көші-қон процестерінің сал­дары ретінде сақталып қалған түрік мәдениетінің элементтері бар. Кері­сінше, Сеулдегі қазақтармен кездесу барысында біздің отандастары­мыз­дың ұлттық іс-шараларды өткізудің таза қазақстандық сценарийлерін көбірек таңдайтынын байқадық, өйт­кені корей қазақтарының көп­шілігі ол жаққа Қазақстаннан тікелей кө­шіп келген.

Светлана ЖАРКЕНОВА,
«Отандастар қоры» КЕАҚ сарапшысы

Back to top button