Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 100-ден астам магнит жұтқан 7 жастағы қызға ота жасалды

Нұр-Сұлтанда 100-ден астам магнит жұтқан 7 жастағы қызға ота жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Хабарламаға сүйенсек, қазіргі кезде мұндай оқиғалар жиі кездесетін болған. 2020 жылдың өзінде №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) және бронхтарға зат түсіп кеткен 162 бала көмекке жүгінген.

«Негізінен түйме, моншақ, қашықтан басқару пультіндегі батареялар сияқты әртүрлі ұсақ заттарды жұтып қойған 1 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер алып шыққан заттардың 17 пайызы – магниттер», – дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

Аурухананың мәліметінше, 56 баланың өңешінен осыған ұқсас бөгде заттар шығарылды, асқазан мен асқазан-ішек жолдарында мұндай заттар 80 баладан табылды, бөтен заттар бронхтар мен тыныс жолына түсуінен 30 бала зардап шекті.

36865ad853217a2eeddaec43da503efa

Өткен аптада 7 жастағы қызға операция жасалды. Баланың мұрнын тексерген кезде дәрігерлер тыныс жолын магнит бітеп қалғанын анықтады.

Осыдан кейін бала рентгенге жіберілді, ол жақта да асқазанда магниттер бары анықтады. Нәтижесінде біз 100-ден астам кішкентай магнит алып шықтық», – деді аурухананың хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

Дәрігерлер ата-аналарға сақ болуы керек екенін және мұндай жағдайда дереу дәкөмекке жүгіну қажеттігін ескертеді.

Back to top button