Ақмола облысының тұрғыны 8 жастағы баласын алып кетуді өтініп, полицияға шағымданған

Ақмола облысының тұрғыны 8 жастағы баласын алып кетуді өтініп, полицияға шағымданған

Ақмола облысының тұрғыны 8 жастағы баласын алып кетуді өтініп, полицияға шағымданған
ашық дереккөзі

Ақмола облысы ПД ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері бала тәрбиелеу міндеттерін орындамайтын төрт ата-ананы есепке қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зеренді ауданының 43 жастағы тұрғыны ювеналды полицейлерден өзі көмек сұрап, баласынан уақытша оқшаулауды өтінді, әйел баласының мінезіне байланысты шағым айтқан. Ювеналдық полиция бөлімінің учаске инспекторы баланың анасымен бірнеше рет профилактикалық әңгіме өткізді, дегенмен, ол шешімінен бас тартқан жоқ, деп жазады ІІМ баспасөз қызметі.
Бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Жалпы Ақмола аймағы бойынша "Жасөспірім" операциясы барысында 28 әкімшілік хаттама толтырылған.