Алматыда жолаушы толы екі автобус соқтығысты

16 қыркүйек, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Алматыда жолаушы толы екі автобус соқтығысты

Алматыда жолаушылары бар екі автобус соқтығысты.

15 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатып, екінші автобуспен соқтығысты, екі көлікке де механикалық зақым келді, - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Материал Алматы қаласы Жетісу ауданы ПБ ӘПБ-не жолданды.