1 қазаннан бастап ақылы жолдар қатары көбеймек

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы 1 қазанда пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір Нұр-Cұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск – Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын. Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған. Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде,  2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі. «Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады. ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар», деп жазылған хабарламада.

 

Back to top button