Елімізде қай салада маман тапшы?

Елімізде қай салада маман тапшы?

Елімізде қай салада маман тапшы?
ашық дереккөзі
2021 жылғы қаңтардағы дерек бойынша электронды еңбек биржасында 60,4 мың бос жұмыс орны және 65,6 мың түйіндеме орналасқан. Статистика бойынша ауыл шаруашылығында, сондай-ақ құрылыста жұмысшыларға сұраныс жоғары. Жыл басында жалпы республика бойынша  практика және терапия дәрігерлерінің, сондай-ақ күтім жөніндегі орта медициналық персоналдың және инфекционист дәрігерлердің, реаниматологтардың, психиатрлар жетіспеді. Сонымен қатар, жарнама және маркетинг мамандарының, сондай-ақ сантехниктер мен құбыр жүргізушілердің тапшылығы туындаған, Бұл ретте дипломы бар бірақ, жұмыс таба алмай жүрген мамандар да белгілі болды. Олардың қатарында заңгерлер, электроника техниктері, кең профильді кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ қаржы және инвестиция бойынша кеңесшілер еніп отыр.